Қ.Бозымбаев: Қазақстанның кей өңірлері жылыту маусымына дайын емес
Үкіметтің отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кейбір өңірлердің жылыту маусымына дайын болмауының себебін айтты.
«Энергия қондырғыларында 3,3 млн тонна көлемінде көмір қоры мен 121 мың тонна мазут бар және олар өткен жылдың деңгейіне сай келеді. Күз бен қыс айларына жеткілікті. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде шешілмеген мәселелер бар және олар жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуде қосымша шаралар жасағанды қалайды.
Осылайша, министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК –да «Теплокоммунэнерго» МКК алдында тұтынушылардың қарыздары бар. Оның көлемі шамамен 354 млн теңге.
«Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беру жоспарлануда, ал кәсіпорынға көмірді жинау қыркүйектің ортасынан басталды. Мазутты жеткізу бойынша мәселе шешілген жоқ»,-деді Қ.Бозымбаев.
Оның айтуынша, Қарағанды облысының Теміртау қаласында шешілмеген мәселелер бар.
«№1 қазандыққа күрделі жөндеу материалдарының кеш тапсырылуына байланысты «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ағымдағы жылдың қазан айының ортасына дейін жөндеу жұмыстарын ұзартты. Ал, №2 қазандықтың жөндеу жұмысы 30 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін жоспарланған. Яғни, жылыту маусымының басында Теміртау қаласы негізгі құралмен қамтамасыз етілмейді»,-деді Қ.Бозымбаев.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында 1 686 млн теңге қарыз болуына орай, ағымдағы жылдың 21 тамыз айынан бастап Шымкенттік ЖЭО-ға газ беру тоқтатылды.
Сонымен қатар, ведомство басшысы айтып өткендей, «Батыр Көмір» АҚ алдында энергия өндіруші кәсіпорындарының қарызы 461 млн теңгені құрайды.
Ботагөз Айтжанова