Ақмола облысында 8 айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 7%-ға ұлғайды (ФОТО)

20.09.2016 2700

Ақмола облысының негізгі капиталының инвестиция көлемі 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 7%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің облыстық мәслихат депутаттары алдында берген есебі барысында айтылды.

Оның айтуы бойынша, өнеркәсіптік өнімдердің көлем индексі  104,2 пайызды құрады, ауыл шаруашылығы – 114,5 пайыз,құрылыс жұмыстары-107,1 пайызды құрады.

«Еңбек нарығында тұрақтылық қамтамасыз етілуде – қолданыстағы кәсіпорындарда жұмыс орындары сақталды, сонымен қатар облыста шамамен 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Тұтыну бағаларының индексі 104,1 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 15% -ға өсті. Индустрияландыру картасы бойынша 77 млрд теңгенің 20 жаңа өндірісі пайдалануға берілді»,-деді әкім.

С.Кулагиннің айтуы бойынша, оң динамика шағын және орта бизнесте байқалады. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік субъектілер 16 млрд  теңге көлемінде қаржылық қолдау алды.