«Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады
«Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды.
Азаматтар қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруды көрсетілген электрондық почтаның мекен-жайына электрондық түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде жіберген түрдегі құжаттар қарауға қабылданады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Кадрлық резерв туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін және тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі партияның веб-сайтында жарияланатын болады және тестілеуді өткізу басталатын күнге дейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей партияның веб-сайтында орналастырылатын тестілеу кестесінің негізінде партияның аймақтық филиалында 10 (он) жұмыс күні ішінде тестілеуді өтеді.
«Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны аймақтық филиалда партияның веб-сайтында әңгімелесу кестесі жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесуді өткізу кестесі әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей жарияланады», - делінген хабарламада.
Конкурстық іріктеуге қатысқан тұлғалардың шығыстары (көліктік, тұру және т.б.) өтелмейді.