ШҚО-да ШОБ аясында қаржыландырылатын басым жобалар анықталды
Шығыс Қазақстан облысы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арасында шағын және орта кәсіпкерлік бойынша өңірлік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойылды.
Тиімді пайыздық көрсеткішпен кәсіпкерлерге 7 жылға несие беріледі, деп хабарлады ақпараттық орталық.
Бағдарлама жергілікті атқарушы органдар мен «Даму» қоры есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әкімдіктер мен Қордың бірлесіп қаржыландыруы 1:1 өзара қатынасына бөлінеді. Бағдарлама әрбір аймақта ШОБ-тың жобалық қаржыландырудың басым секторларын айқындауға мүмкіндік береді.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов айтып өткендей, ШҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде негізгі сүйеніш ауыл шаруашылығы өнімдерінің кооперативтік маркетингісіне, сүтті-тауарлы фермалардың құрылысын ұлғайтуға, ағаш өңдеу және туризмге жасалатын болады.
Жиналыс барысында облыс әкімі жұмыс тобын құруға тапсырма берді және басшылықпен осы бағыт бойынша жобалар іске асырылатын болады.
«Біз 4 ірі бағытты анықтадық және олар тиісті жобалармен жұмыс істейді. Ауданның және қаланың әрбір әкімі өздерінің ұсыныстарын дайындауы тиіс. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша да жобалар қарастырылады. Бүгінгі күні 7 жылға 8,5 пайызбен несие беру тиімді болып табылады. Біз өзіміздің облысымыздың кәсібін керегінше қаржыландыруға дайынбыз»,-деді ол.
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі жағдайында, сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ішінара кепілдендіру құралын пайдалана аласыз. Қаражаттың мақсатты пайдалануын «Даму» қоры қадағалайды.
Айта кететін жайт, бағдарламаны іске асыру аясында 2016 жылдың басынан бастап Қормен Қазақстанның барлық аймағына 10,9 млрдл теңге тартылған.