2021 жылы Семей ядролық полигонындағы зерттеулерді аяқтау жоспарланған (БЕЙНЕ)

16.09.2016 2644

2021 жылы Семей ядролық полигонындағы зерттеулерді аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік институты ақпараттық-оқыту орталығының жетекшісі Юрий Стрельчук Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Полигонның жабылғанына 25 жыл,  ширек ғасыр өтті. Бұл уақыт ішінде көптеген мәселе өзгерді, полигондағы сынақтарға байланысты қосымша ақпараттар пайда болды. Кез келген ядролық сынақ қоршаған ортаның ластауына әкеліп соғады, бізде осы уақыт аралығында атмосфераға шығарылған қалдықтар көп болды.  Президент 1991 жылы полигоонды жабу туралы шешім қабылдады. Халық бұл бастаманы қолдады», - деді ол.

Ю.Стрельчук айтып өткендей, бүгінде полигон жерін сарапшылар зерттеп жатыр, 2021 жылға қарай барлық зерттеуді аяқтау жоспарланған.

«Жер кодексінде және өзге заңнамалық құжаттарда айтылғандай, полигон жері ауыл шаруашылық мақсатында қолданылуы мүмкін. Сараптамаларды жүргізуді  2021 жылға дейін аяқтау жоспарланған, 2021 жылы полигонды зерттеу аяқталмақ», - деді ол.

Индира Кауметова

Бейне:Азамат Әлиев