К. Штюрмер: Қазақстандағы машина жасаудың басты тренді – жаһандандыру (ФОТО)

16.09.2016 3005

Германиядағы Price Waterhouse Coopers агенттігінің үздік халықаралық сарапшысы Кристоф Штюрмер Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумы аясында әлемдік автоиндустрияның тәуекелдерін атап өтті. Айтылған әр тәуекел қазақстандық автоөндіріске әсер етеді.

Машина жасаудың басты тренді жаһандану екенін атап өтті .

«Автокөліктердің мегатренді – жаһандану. Қазақстан үлгі болып табылады. Екі онжылдық бұрын ел болмаған, қазір гүлденіп жатыр, жаңа нарықтар даму үстінде. Ал, өндірістік кәсіпорындар нарықта сұранысқа ие», - деді К. Штюрмер.

«Біз қалаларға шоғырландыру әдісін де көріп отырмыз. Қалаға ауылдық жерлерден адамдар шоғырланып жатыр, мен Астана статистикасын көрдім. Қазір Астанада келгендерді қосып санағанда 3 млн адам өмір сүріп жатыр дейді. Демек, екі миллион адам ауылдық жерлерден жиналды. Тұрақтар мен кептеліс мәселесі туу мүмкін. Қалалық қозғалыстың автомобиль құрылымына негізгі болып табылуы мүмкін. Себебі, қоршаған ортаны ластамайтын мобильдік қана емес, таза көлікті міну қажет болады», - деді неміс сарапшысы.

Кристоф Штюрмер келесі тәуекел ретінде демографиялық өзгерістерді атады. Оның айтуынша, көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі тұр, кейбір жағдайда керісінше жастардың  саны қауырт артуда.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

Фото Азамата Алиева