ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс жұмыстары 85%-ға орындалды

14.09.2016 2627

ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесіне дайындық аясында құрылыс жұмыстарының 85 пайызы орындалды. Бұл туралы «Болашақтың энергиясы» атты форумда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні халықаралық қоғамдастық тарапынан 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің қатысатындықтарын растады. Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ, ол кестеге сәйкес орындалуда. Ағымдағы күні құрылыс жұмысының 85 пайызы орындалды. Құрылыс жұмысына 13 700 адам және 560 бірлік техника жұмылдырылды»,-деді А.Есімов.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні халықаралық жылжыту бойынша жұмыстар жасалуда.

«Аудиторияны жалпы қамту 220 миллионға  жетті. Біз жылдың соңына дейін бұл сан 500 млн-ға дейін жетеді деп жоспарлаудамыз»,-деді ұлттық компания басшысы.