«Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференцияның қорытындысын ЕҚЫҰ-да талқылады

10.09.2016 1698

ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ-ның Тұрақты Кеңесінің отырысы барысында «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференцияның қорытындысын қатысушы-елдердің ұйымдарына таныстырды. Конференция 2016 жылдың 29 тамыз айында өтті және Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдық мерейтойына арналды, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Отырыс қатысушыларына 29 тамыз БҰҰ-мен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн ретінде жарияланғандығын естеріне сала кетіп, Қ.Сарыбай Астаналық декларацияның негізгі жағдайымен таныстырды.

Тұрақты Кеңес ширек ғасырда Қазақстанның мысалында ядролық қарудан азат әлем жолындағы тиімді модель қалыптастырылғандығымен ақпараттандырылды.

Қ.Сарыбай ЕҚЫҰ қатысушы-елдерге 2016 жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін әлемнің бірінші саммиті туралы айтып өтті.