Н.Назарбаев: АШМ мен әкімдер ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізуі тиіс
09.09.2016
2071
Ауыл шаруашылық министрлігі мен әкімдер ауыл шаруашылығы жерінің ұтымды пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізуі тиіс,жер тиісті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуі тиіс, су мәселесі бойынша – бұл еліміздегі өзекті мәселенің бірі, деп Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Алдағы 5 жылда 600 мыңнан астам суармалы жерді айналымға келтіру тапсырмасы қойылған. Ауыл шаруашылық министрлігі мен әкімдер ауыл шаруашылығы жерінің ұтымды пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізуі тиіс, жер тиісті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуі тиіс»,-деді Елбасы.
Мемлекет басшысы сөз барысында Қазақстан үшін су мәселесі – бұл жаһандық мәселе және ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндігі екендігін айтып өтті.
«Үкімет арнайы су қорлары мәселесімен айналысуы тиіс»,-деп толықтырды сөзін елбасы.
Индира Қауметова