ҚР Бас прокуратурасы «Құқықтық қорғаудың басты критерийі - әділдік» жобасын таныстырды

08.09.2016 2076

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов сот төрелігі әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жоба туралы Астанада өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

«Біз Жоғары сотпен бірге «Құқықтық қорғаудың басты критерийі - әділдік» Барлық заңдарға мониторинг жасайтын боламыз. Басты мақсат  түрлі алаяқтыққа жол беретін және судьялардың әділетсіз шешім шығаруына түрткі болатын нормаларды тауып, жою», - деді Бас прокурор.

Оның атап өтуінше, мұндай жүйе - кінәсіз адамдар мен бизнестің зардап шегуіне себеп болатын заңнамадағы олқылықтарды жоюға септігін тигізетін болады. Қазіргі уақытта прокуратура мен сотта нақты жоспар бар және жобамен судьялар, адвокаттар, нотариустар және прокурорлар жұмыс істеп жатыр.

«Көптеген шаралар заңнамалық сипатқа ие. Сондықтан Әділет министрлігінің көмегі қажет. Біз барлық істердің тең жартысына жуығын құрайтын даулардың үш санатына сараптама жасаймыз», - деді Ж.Асанов.