М.Әшімбаев: Қазақстан ядролық энергетиканың дамуына үлкен үлес қосып жатыр
07.09.2016
2121
Қазақстан ядролық энергетиканың дамуына үлкен үлес қосып жатыр, деді Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.
М.Әшімбаев айтып өткендей, Қазақстан уранның ірі өндірушісі ретінде ядролық энергетика саласына үлкен үлес қосып отыр.
Ботагөз Айтжанова