Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы құрылуы мүмкін
07.09.2016
2087
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» жобасы Мәжілісте қаралды.
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе көтерілді.
«Аталмыш келісім гляциологиялық ғылым мен өңірлік және жаһандық дәрежеде климаттың өзгеруінің ғылыми әсерінің жақсаруына әсер етеді. Біздің комитет ол бойынша жұмыс істеуге әзір», - деді депутат Мәулен Әшімбаев.
Дауыс беру қорытындысы бойынша өкім қабылданды.