Киевте «Қазіргі Қазақстан» атты сурет көрмесі ашылды

01.12.2013 13099

ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орай Украинада «Укринформ» ақпараттық агенттігінің бірлесуімен «Қазіргі Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Фотокөрмеге 60 шақты сурет енген, онда Қазақстанның саясаттағы, экономикадағы, мәдениет пен спортағы жетістіктері сипатталған. Сондай-ақ, қалыптасқан Қазақстанның тәуелсіз тұғыры мен қоғамдық бірлігі де көрсетілген», - делінген хабарламада.  

Көрмеде Қазақстанның тарихи орындары мен табиғи ерекшеліктері ерекше айқындалған.

Сонымен қатар, көрмеге қатысушылар қазақтың ұлттық киімдері мен қазіргі Қазақстанның кейпін тамашалауда үлкен қызығушылық танытты.