Қазақстандық фармацевтер Вьетнам нарығын бағындыруда

20.08.2016 3319

«KAZNEX INVEST» Экспорт пен инвестиция жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Вьетнамдағы Қазақстан елшілігімен бірігіп, тұңғыш рет Хошимин қаласында «VIETNAM MEDI-PHARM EXPO 2016» халықаралық көрме аясында қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың таныстырылымын өткізді.

Вьетнам 2015 жылдың қорытындысы бойынша дәрілік заттардың 2,2 млрд доллар  импортталды, отандық формацевтикалық өндірушілер үшін бұл нарық ерекше қызығушылық танытады, себебі адам саны 90 млн адам және ЖІӨ уақыт өткен сайын өседі.

Вьетнам ірі әлеуетке ие, ал еркін сауда аймағындағы келісім экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік сыйлайды.

KAZNEX INVEST ақпараты бойынша, Қазақстанның ұлттық стендінде вьетнамдық нарыққа 5 компанияның отандық өнімі таныстырылды. Олар: «Dolce» ЖШС, «Dosfarm» ЖШС,  «Нобел АФФ» АҚ,  «EcoPharm International» ЖШС  мен  «Мерусар и К» ЖШС.

Қазақстандық компаниялардың өінімі көрмеге қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ, көрмеде  көз препараттары сұранысқа ие болды. Вьетнамдың халқы оның ішінде Хошимин, Хано қалалары  көз ауруына көп шалдығады.