«Денсаулық» медициналық пойызы өзінің жыл сайынғы рейсін аяқтады (ФОТО)

16.08.2016 2411

ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті медициналық персоналы бар «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызы өзінің жыл сайынғы рейсін аяқтады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы 11 шілде мен 13 тамыз аралығында «Денсаулық» пойызының дәрігерлеріне Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы 46 станцияның тұрғындары қаралды. 63 күн ішінде 9609 тұрғын, оның ішінде 1696 бала тексеруден өтті.

“Жалпы дәрігерге келісушілер саны 96211-ді құрады. 60489 диагностикалық емшара жүргізілді (14093 ішкі ағзаны ультрадыбыстық  зерттеулер, 271 спирография,  3753 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 4783 электрокардиографиялық зерттеулер, 2953 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 3276 рентгенологиялық зерттеулер, 1219 эндоскопия, 30141 клинико-биохимиялық зерттеулер),  340 шағын амбулаториялық ота жасалды. 1963 әйел маммологқа қаралды. 2884 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді”, - делінген хабарламада.  

Естеріңізге салайық, 2010 жылдан бастап жыл сайын шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін барлық қажетті медициналық диагностикалық аппаратурамен жабдықталған «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары жолға шығады.

Медициналық пойыздардың қызметі үлкен сұранысқа ие. Ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» пойызы 2016 жылғы 16 ақпан мен 24 наурыз және 11 мамыр мен 10 шілде аралығында медициналық рейске шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлеріне Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы 75 станцияның тұрғындары тексеруден өтті. 99 күн ішінде 17634 тұрғын, оның ішінде 2538 бала тексеруден өтті. Жалпы дәрігерге келісушілер саны 118656-ны құрады. 95912 диагностикалық емшара жүргізілді (20252 ішкі ағзаны ультрадыбыстық  зерттеулер, 1529 спирография,  4810 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 6569 электрокардиографиялық зерттеулер, 4875 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 4913 рентгенологиялық зерттеулер, 1017 эндоскопия, 51947 клинико-биохимиялық талдаулар),  409 шағын амбулаториялық ота жасалды. 3434 әйел маммологқа қаралды. 5149 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

«Жәрдем» 2016 жылғы 24 мамыр мен 1 тамыз аралығында Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының 33 станциясына барды. 64 күн ішінде 8277 тұрғын, оның ішінде 1188  бала тексеруден өтті. Жалпы дәрігерге келісушілер саны 59418-ді құрады. 27135 диагностикалық емшара жүргізілді (7081 ішкі ағзаны ультрадыбыстық  зерттеулер, 2807 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 3396 электрокардиографиялық зерттеулер, 1814 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 1082 эндоскопия, 10955 клинико-биохимиялық талдаулар),  255 шағын амбулаториялық ота жасалды. 2186 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

“Жалпы 2016 жылы 133 жұмыс күні ішінде «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойыздарында республикамыздағы 13 облыстағы 154 станциясының тұрғындары қаралды, 35520 тұрғын, оның ішінде 5422 бала тексеруден өтті”, - делінген хабарламада.

Дәрігерге келісушілер саны 274285-ті құрады. 183536 диагностикалық емшара жүргізілді, (41426 ішкі ағзаны ультрадыбыстық  зерттеулер, 1800 спирография,  11370  миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 14748 электрокардиографиялық зерттеулер, 9642 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 8189 рентгенологиялық зерттеулер, 3318 эндоскопия, 93043 клинико-биохимиялық талдау), 599 шағын амбулаториялық ота жасалды. 4383 әйел маммологқа қаралды. 9048 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.