Ақмола облысында МЖӘ бағдарламасы бойынша ондаған жобалар жүзеге асырылуда – әкімдік

15.08.2016 2219

Ақмола облысының Жантеке ауылында мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында балабақша салынуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ақмола облысының Жантеке ауылында мектепке дейінгі мекеменің құрылысы аяқталуға жақын. Аталмыш балабақша мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда Қызылту орта мектебінің жанындағы шағын орталықта  60 бала мектепке дейінгі білім алуда. Құрылыс біткен соң балалар жаңа балабақшаға көшіріледі.  Жобаның құны 107 млн теңге.

МЖӘ аясындағы құрылыс  Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда,өңірде аталмыш бағыт бойынша ондаған жоба жүзеге асырылуда.