ЕЭК ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының дайындығын жоғары бағалап отыр
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі талқыланбай қалған 7 мәселені қарастырды, ол ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының дайындығына әсер етіп тұрған еді.
«Кедендік кодекс жобасының дайындығы өте жоғары дәрежеде. Келіссөз үрдісі жеке туғызған дауларды қарастыруға дейін жетті. ЕЭК кеңесінің отырысына дейін реттелмеген 7 мәселе қалды. Сочиде 12 тамызда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында үкімет басшыларына кодекс жобасының дайындығы туралы жеткізіледі. Мәселе талқыланған соң Премьер-Министрлер кодекс жобасын ішкімемлекеттік келісімге жіберулері керек», - деді ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мұқай Қадырқұлов.
Мұқай Қадырқұлов айтып өткендей, ЕАЭО кедендік кодексінің жобасы осы жылдың қазан айына дейін дайын болады.
«Бұл тағы бір негізгі құжаттардың бірі. Ол жоба бойынша ЕАЭО елдерінің меморгандары мен бизнесі бірігіп жұмыс істеді. Осыған орай, құжат бүгінгі күннің талабына жауап бере алатын болып отыр. Біз КК жобасы жыл соңына дейін аяқталады деп үміттенеміз», - деді ол.
ЕАЭО КК жобасында жаңа әдістер қолданылды: электрондық кедендік декларациялау басымдығы; кедендік үрдістерді аяқтау мүмкіндігі; кедендік органға құжат тапсырмай кедендік декларацияларды жүзеге асыру, экономикалық оператордың құзыретті институтын дамыту, Одаққа кіргізілетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат алу институтын жетілдіру.