Шетелдік сарапшылар Қазақстанның фермерлерімен шаруашылықты жүргізудің тәжірибесімен бөліседі – сарапшы (БЕЙНЕ)
Қазақстандық фермерлер үшін шетелдік сарапшылардан шаруашылық жүргізудің барлық дағдыларын сырттай оқи алатын мүмкіндік туды, деп маркетинг және қаржы бойынша басқарушы директор Рауан Ерұлан Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
«www.fermers.kz – бұл қазір офлайн-режимде өткізіп жатқан семинарларды қашықтықта оқу мүмкіндігі бар алаң. Біздің аймақта аудан орталықтарынан алыс қашықтықта орналасқан ауылдық жерлер бар және солар үшін біз семинар өткіземіз. Сол себепті, семинарға келе алмаған кез-келген фермер немес өткен материалға қайта көз жүгіртіп өткісі келетіндер кез келген уақытта www.fermers.kz сайтына кіріп, өзіне керекті бағытты ашып, таныстыру материалдарымен, әдістемелермен, оқыту бағдарламаларымен таныса алады»,-деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Р. Ерұланның айтуы бойынша, Atameken Business Channel 25 бағыт бойынша 25 бейне-сабақ дайындауда және ол алдағы уақытта барлық фермерлер үшін қолжетімді болады.
«Бұл портал (www.fermers.kz) толық және әрдайым кеңес беруге байланысты жасалуда»,- деп толықтырды сөзін ол.
Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылық министрлігінің тапсырмасы бойынша «агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету» атты бюджеттік бағдарламасы жасалуда және ол тегін негізде болады. Оның аясында еліміздің барлық 14 облысында 10 мың фермерді жұмылдыратын 666 семинар өткізілетін болады.
Индира Қауметова
Бейнеге түсірген Азамат Әлиев