Қазақстан мен Грекия коммерциялық байланыс орнатады

08.08.2016 2808

Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волков Патра қаласындағы Греко-Еуразиялық іскерлік кеңестің көшпелі отырысына қатысты, деп хабарлады СІМ.

Өңірге жасаған сапарда А.Волков  ГБІК Президенті Спирос Кувелистің  сүйемелдеуімен Батыс Грекия губернаторы Апостол Катсифарас және губернатордың орынбасары Гиоргос Агглепулос, өңірлік және іскерлік ынтымақтастықтың дамуына жауапты тұлғамен кездесті. Тараптардың бірқатар ортақ қызығушылықтарының есебімен агроөндіріс және туризмді дамыту  салаларында бірқатар келісімге ие болды.

Елші сондай-ақ, Элис және Кристос Кристодулопул пен  Олимпия – Ефтимиос  Котциаспен кездесті. Салтанатты шарада Эллада мен Эис, Олимпия, Спарта  қалаларының  арасында келісім орнады.

ГБІК көшпелі отырысына Ресей мен Армения өкілдері қатысты.