Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою үшін 2016-2017 жылдары 26 мектеп салынады

04.08.2016 1918

Алматы облысында кезек пен үш ауысымды мектептерді жою үшін 2016-2017 жылдары 26 мектеп салынады, ол Ұлттық қордың есебінен салынса, 12 мектеп жергілікті бюджеттен салынады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айтылғандай, облыста  білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту қарастырылған.  2016 жылы оған 1350,6 млн теңге бөлінді, компьютерлік базаны  қамтуға 313,6 млн теңге бөлінді.

2016 жылы оқулық пен оқу-әдістемелік кітаптарды алуға 3 млрд теңге бөлінді.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі таңда 363 мектеп лингафон-мультимедиялық кабинетпен қамтылған. 307-химия 45,9 пайыз, 277 – биология 41,5 пайыз, 338-физика 50,6. Облыс бойынша дарынды балалар  ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды белсенді жүргізеді.