Құпиялық медиацияның басты артықшылығы болып табылады – сарапшы (БЕЙНЕ)

03.08.2016 3278

Құпиялық еңбек дауларын шешуде медиацияның басты артықшылығы болып табылады, деп «Келесу» Кәсіпқой медиаторлар одағы» АҚҰ директоры Сара Ыдырысова дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

«Менің тәжірибемде осы сынды бес іс болды. Туындайтын мәселе, ол жұмыс берушілер медиацияның мәнін дұрыс түсінбей жатады. Алайда, біз медиация туралы өзекті ақпарат берген болатынбыз. Дегенмен, жұмыс берушілерге медиацияның дауларды шешудегі оңтайлы тәсел екендігі жетпеген. Яғни, жұмыс беруші өзінің абыройын жерге қаратпай, нақты жұмыскермен жанжалды шеше алады»,-деді С. Ыдырысова.

Жұмыс берушілер үшін медиацияның басты артықшылығы жанжалды бейбіт түрде шешу ғана емес, оны толығымен құпия ұстауында.

«Жанжал туралы ақпарат құпия түрде қалуы тиіс, жұмыскер оны талқаламау керек»,-деді ол.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев