Жеңілдіктер ескерілген азаматтар Астананың маңындағы аймақтарда автобуста тегін жүру құқығына ие болды (БЕЙНЕ)

02.08.2016 3073

Жеңілдіктер ескерілген азаматтардың санаты үшін Астананың қала маңы аймақтарында автобустарда тегін жүру құқығына ие болды. Бұл туралы "Астана LRT" төлем орталығы ЖШС филиалының басшысы Сергей Попов хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 30 шілдесінен бастап қала маңы бағдарларында тарифтік 4 аймақ жүйесі енгізілді. Бұл «ASTRA PLAT» электронды жүйесін енгізу дайындық кезеңінің бастапқы сатысы болып табылады. Осы ретте қала маңындағы автобус бағдарларымен жүретін жолаушылар үшін жол ақысы орташа есеппен алғанда 50 теңгеге дейін төмендейді»,-деді ол.

Белгілі болғандай, бөлінген 4 тарифтік аймақтың әрқайсысының қашықтығы 15 шақырым. Бүгінде қала маңындағы тасымал 24 елді мекенді қатып отыр және оларға 14 бағдар қызмет етеді. 

Оның айтуынша, әрбір елді мекеннің өзінің тарифі болатын, сондай-ақ бұл тарифтердің саны 84-ке жеткен еді. Ал қазіргі кезде олардың барлығы ықшамдалып, тарифтер 5-ке дейін қысқарды. Қала маңындағы бағдарларға күніне 39 автобус шығады. Әрбір автобустар мен олар тоқтайтын аялдамаларда тиісті түсіндіру мәліметтері ілінген. 

Астана қаласы мәслихатының шешімімен жеңілдігі бар санаттар бойынша ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар қамтылған. Дәл осы санаттар бойынша жеңілдіктер қала маңындағы тұрғындарға да тарайды.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев