Маңғыстау облысында 3 жаңа жоба 104 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында үш жаңа жоба бойынша субсидия және кепілдік беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Kazkon» сауда маркасымен печенье және басқа да ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер шығарумен айналысатын «Енсепова М. Б.» ЖК-ның айналым қаражатын толықтыру жөніндегі өтінішін Өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдады.
Сондай-ақ «Жаманқұлова С. И.» ЖК Подстепное ауылында сауда үйі жобасының құрылысына қаражат сұраған болатын. Қаржы құрылысты аяқтау үшін қажет еді. Қалаға жақын ауыл үшін сауда орталығының құрылысы маңызды оқиға болып табылады. Себебі ауыл транзиттік нысан болып саналатындықтан, сауда орталығына келетін жүргіншілер аз болмайды. Мұнымен қатар ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындары ашылады.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан үшінші жоба «ARTEG-KZ» ЖШС өндірістік цехын кеңейтуге бағытталған. Бөлінген қаражат көбік пен полистиролбетон өндірісіне құрал жабдық алу үшін жұмсалады.
Оң шешім қабылданған жобалардың жалпы сомасы 104 млн теңге. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 10 жұмыс орны ашылады.