Қ. Бишімбаев Standard&Poor’s талдаушыларымен Қазақстанның экономикалық жүйесін дамытуды талқылады
01.08.2016
2344
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің талдаушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар макроэкономикалық болжамдау, фискалды және инвестициялық саясат, қаржы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. мәселелерін талқылады.
Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің талдаушыларымен жыл сайынғы кездесуі елге ерікті рейтинг иелену мақсатында өтті.