2016 жылы «Медициналық пойыздар» жобасын жүзеге асыруға 300 млн. теңге бағытталды
25.07.2016
3005
2016 жылы «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздар жобасына 300 млн теңге бағытталды, деп хабарлады «Самрук-Казына TRUST» басқарушы директоры - әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда.
«Самұрық-Қазына компания тобы» «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздар жобаларының қызметтерін жүзеге асыруға әлкеуметтік даму Қоры арқылы 2016 жылы 300 млн теңге бағыттады»,-деді Л.Диас.
Оның атап өтуінше, аймақтардағы халыққа қызмет көрсететін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ техникалық пойыздарын, ҚР ІІМ төтенше жағдай бойынша Комитеті – мамандарды ұсынды.
Ботагөз Айтжанова