Қазақстан ДЭФ рейтингінде ТМД елдері арасында желілік дайындық индексі бойынша көшбастап тұр

12.07.2016 2917

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша ДЭФ рейтингінде 139 елдің арасында 39-орында.

2016 жылдың 6 шілдесінде Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайынғы желілік дайындық индексін анықтау бойынша зерттеу нәтижесін ұсынған «2016 жылдың ақпараттық технологияларын дамыту туралы жаһандық есебін» жариялады, деп хабарлады ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің сайты.

Биыл елдер төрт категория көрсеткіші бойынша бағаланды:

1. Технологияны пайдалану және құру үшін жалпы орта;

2. Желілік дайындықтың ИКТ-Инфроқұрылымына қолжетімділік көзқарасы;

3. Жаңа технологияны үкіметтің, жеке секторлар мен жеке тұлғалардың пайдалануы;

4. Жаңа технологияның экономикалық және әлеуемттік әсері.

Өткен жылмен салыстырғанда көшбасшы үштікте өзгеріс жоқ – Сингапур, Финляндия және Швеция. Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшылық орында және аймақтық рейтінгті бастап тұр.

Атап өту керек, «ИКТ бойынша заңнамалық дамыту» көрсеткіші бойынша 2016 жылы Қазақстан 38 орынды иеленіп, 2015 жылдағы деңгейден 10 орын жоғарылаған.

«Мектептердегі интернетке қолжетімділік» көрсеткіші бойынша біздің ел 15 орынға көтеріліп, 41 орынға тұрақтаған.

«Бизнес ашу үшін берілетін уақыт» көрсеткіші бойынша және «бизнес бастау үшін өтетін процедуралар» көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем елдерінің алғашқы отыздығына кіреді. Осыған орай, бір жылда көрсеткіш екі есеге жақсарып, бүгінгі уақытта 26 және 22 орындарға сәйкес келеміз.