Қазақстанда ЕАЭО-ның жобасы бойынша көлік саясатының негізгі бағыттары талқыланады
2016 жылғы 13-14 шілдеде Ақмола облысының Бурабай кентінде ЕЭО мемелекеттерінің өкілдері Үйлестіріген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдер жобасын (ҮКСНБ) әзірлеу бойынша талқылайды.
Осы жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы оның тұлғасында Инвестициялар және даму министрлігі болып табылады. Қазіргі уақытта жоба 75 %-ға келісілді, ал оның басты мақсаты ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық, жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру және көліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығын бәсекелестік принциптеріне, экономикалық интеграциямен қамтамасыз ету болып табылады, деп хабарлады ИДМ.
Айта кетейік, жоба 2014 жылғы 16 шілдедегі Еуразиялық Экономикалық Одақтың Шартына сәйкес жұмыс жоспарының актілері және халықаралық келісім-шарттары дайындау бойынша әзірленді. Жобасын бекіту мерзімі 2016 жылдың соңына дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысқа (мемлекет басшылары деңгейінде).
Сонымен қатар, 2016 жылғы 15 шілдеде Жібек жолы экономикалық белдеуінің түйіндесу шеңберінде ҚХР-мен қөлік және инфрақұрылымныі бәрлескен жобалардың қарым-қатынасы бойынша Жұмыс тобының отырысы өтеді. Қазіргі таңда Жұмыс тобының мүшелерімен басым жобалар тізімі әзірленді, «Жол картасы» жобасына енгізілетін алдағы уақыттағы Жібек жолы экономикалық белдеуінің түйіндесу шеңберінде ҚХР-мен қарым-қатынасы және оны келісу үшін жұмыс жүргізілуде.