ЕҚЫҰ Қазақстанды БҰҰ ҚК құрамына сайлануымен құттықтады

11.07.2016 2957

2016 жылдың 7 шілдесі күні ЕҚЫҰ кеңесінің Тұрақты отырысында ҚР Венадағы халықаралық ұйым жанындағыТұрақты өкілі, елші Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып салунауы туралы мәлімдеме жасап, сөз сөйледі.

Қ.Сарыбай ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің Қазақстанды 2016 жылдың 28 маусымында  Нью-Йоркте дауыс беру кезінде қолдағандары үшін алғысын білдірді. Бұл тек біздің елдің ғана жетістігі емес, сонымен қатар, БҰҰ жоғары органына бұрын ешқашан ешкім мүше бола алмаған барлық Орталық Азия субъаймағының жетістігі, екенін аталып өтілді, деп хабарлады ҚР СІМ-і.  

Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы мәлімдемесінде айтылған  БҰҰ ҚК-де біздің ел қызметінің басымдықтарын жеткізді. Ол әлемнің дұрыс бағытқа бет бұруында, ядролық қарудан, соғыс пен жан-жал жаманшылықтары тұрғысында қазақстандық бастамаларға маңыз берілетінін атап өтті.

Қазақстан сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында алға тартқан антитеррорлық бастамаларды жүзеге асыратын болады. Бұдан бөлек, су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне тың серпін беретін мәселелерді шешуге атсалысатын болады.

ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттер делегациялары Қазақстанды осынау үлкен жетістігімен құттықтап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі лауазымында зор жетістіктер тіледі.