ҰЭМ: Суармалы жерлердің ирригациялық жүйесін қалыпқа келтіру үшін 100 млрд теңгеден астам инвестиция қажет

08.07.2016 2369

Суармалы жерлердің ирригациялық жүйесін қалыпқа келтіру үшін 100 млрд теңгеден астам инвестиция қажет, деді Үкіметтің отырысында Инвестициялар және даму министрі Қуандық Бишімбаев.

«Суармалы жерлердің ириигациялық және кәріз жүйесін қалпына келтіру үшін осы жылдың маусым айында  ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі бірлескен шараларды қабылдады.  Олар ЕҚДБ мен ИДБ-нен 106 млрд теңге көлемінде кепілдік тартуды көздеп отыр», - деді министр.

Ол айтып өткендей, ол осы жылы ОҚО, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ондағы жер көлемі 183,4 мың га жер.

Ботагөз Айтжанова