2016 жылы Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерліктің алдын алу картасын әзірлейді

27.06.2016 2519

2016 жылы Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерліктің алдын алу картасын әзірлейді, бұл туралы халық алдында есеп берген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Есептік жылы бірқатар шаралар ұйымдастырылды: декларация сараптамасына тексерудің нақтылығы мен нәтижелігі, заңды импорт өсіп,  кеденде «жасыл» дәліз орнатылды. Адал бизнес үшін жағдай жасалып,  «сұр» кестенің алдын алуы нығайтылуда. Бүгінде ақпараттық жүйелерді дамыту бірлескен және күнделікті тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Өткен жылы 4 трлн теңгенің ағыны қаржыландырылды, 75 млрд теңге салық төлеу шығарылды», - деді Б.Сұлтанов.
Министрліктің ақпараты бойынша 2015 жылы салық пен кеден  тексерістері 24 млрд теңгені әшкереледі, 2,5 мың жалған кәсіпкерлер анықталды, 60 млрд теңге шығынның орны толтырылды. 32 жасырын казино орындары табылды.

«Биыл Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерлерді анықтайтын картаны әзірлейді. Бұл  салдармен күресу ғана емес,  жеке бизнесті қорғау болып табылады. Келесі қадам кірісті жалпы декларациялау болып табылады», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова