ҚР БҒМ: Бірінші сынып оқушылары ешқандай тест тапсырмауы керек
17.06.2016
2711
Бірінші сыныпқа түсетін балалар ешқандай тест болмауы керек, деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ-да.
«Меніңше: бірінші сыныпқа түсетін бала тест тапсырмауы керек. Бұл ешқандай нормативте жоқ. ҚР «Білім беру туралы» Заңында 6-7 жасқа келген балаларды ата-ана бірінші сыныпқа бере алады. Барша облыық білім беру басқармаларына айтатыным бірінші сыныпқа арналған тест жоқ», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова