ҚР Парламенті Үкіметтің 2015 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті қабылдады

17.06.2016 2277

ҚР Парламент депутаттары палаталардың бірлескен отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті Үкімет пен Есеп комитетінен қабылдады.

«Үкіметті есептермен қолдағандарыңызға алғыс білдіремін. Біз қазір күзгі сессияға дайындалып жатырмыз. Біздің кешендік сұрақтарымыз экономикалық саясатқа байланысты болады. Меніңше, сіз көтерген барлық сұрақтар өте өзекті болып табылады. Президенттің тапсырмасы бойынша осы жазда өңірлерді аралауға аттанамын, онда барлық саладағы мәселелерді қарастырып, құжаттарды жинастырып Елбасының төрағалығымен болашақта ең өзекті мәселелерді шешуге жағдай жасаймыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова