А.Рау: Отандық титаннан Қазақстанда алғаш рет жамбас буынының түптұлғасы алынды
Отандық титаннан Қазақстанда алғаш рет аддитивті технологияның көмегімен жасанды жамбас буынының түптұлғасы алынды, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Халықаралық «Astana Mining&Metallurgy» 7-ші конгресі барысында өткен баспасөз конференциясында.
«Титан біздің бәсекелік басым дүниеміздің бірі. Біз қазір аддитивті технологиямен байланыстылардың бәрін зерттеп жатырмыз, яғни, 3D-өндірісі»,-деді А.Рау.
Осыған байланысты вице-министр General Electric компаниясының жұмысын атап өтті. Оның айтуынша, 2030-шы жылға қарай барлық бөлшектерді 50 %-н ұнтақ тәсілімен шығармақ.
«Бұл жерде біз өз мүмкіндігімізді пайдаланғымыз келеді»,-деп атап өтті А.Рау.
Әлемдік аддитивті технология саласы енді ғана қалыптасып келеді. Әлі құрылғы өндірісі бойынша да, 3D-принтері тұрғысынан да негізгі ойыншылар қалыптасып үлгерген жоқ.
«Қазір біз қай сала бойынша бару керектігін қарап отырмыз. Титан – бұл мүмкіндіктердің бірі. Мысал келтіре кетейін, бізде буындарды алмастырушылармен айналысатын травматология ғылыми-зерттеу институты бар. Астанада салып жатқан біздің ғарыштық орталығымыз осы – Airbus-пен бірге жер серігін шығару орталығы. Бүгін біз бірінші рет титаннан жасанды жамбас буынының түптұлғасын алдық. Оларды осы жерден, 3D-принтерден алдық. Ары қарай сертификаттаумен айналысамыз»,-деп хабарлады вице-министр А.Рау.
Ботагөз Айтжанова