Қазақстандық-аустралиялық компания СҚО мен Қарағанды облысында аэрогеофизикалық зерттеу жүргізеді (ФОТО)

15.06.2016 3252

«Aurora Minerals Group», «Air Control» және «CGG» сервистік компанияларының консорциумы осы жылы аэрогеофизикалық зерттеуді Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы аймағында өткізеді. Қазақстандағы аэрогеофизикалық зерттеудің даму әлеуеті туралы Aurora Minerals Group бақылаушы кеңесінің төрағасы Саид Сұлтанов «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық конференциясы барысында мәлімдеді.

«Соңғы жылдары Қазақстанда кен қолданушылары аэрогеофизикалық технологияны қолданады. Бүгінде біз Қазақстанда барлық үздік әлемдік аэрофизикалық компания жұмыс істейтінін білеміз. Оның ішінде «Aurora Minerals Group»  қазақстандық «Air Control» және француздық «CGG» компаниясымен серіктестікте. Пайдалы қазба байлықтары туралы кодекстің қабылдануынан кейін инвесторлар мен геологиялық барлаудың өсуін жоспарлап отырмыз», - деді С.Сұлтанов.

Осы жылы «Aurora Minerals Group» ірі шетелдік инвесторлардың тапсырысы бойынша аэрогеофизикалық тексерісті  полиметаллдық және кен және жезді іздейді. Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында  36 мың линейкалық шақырым зертеледі.

Компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше,  зерттеу Air Control - Cessna Grand Caravan 208 ұшағының өз флотынан жүзеге асырылады. Онда заманауи қондырғы орнатылған, ол аэрогеофизикалық кешендік түсірілімді үрдіс үстінен жүргізіп отырады. Екі жобаны жүзеге асыру аясында қазақстандық мамандар аэрогеофизикалық жұмыстар бойынша біліктілікті арттырудан білім алады.

Айта кетейік,  «Aurora Minerals Group» - аустралиялық-қазақстандық компания, тау-кен дамыту саласына жаңа технологияларды енгізу  трансфертіне мамандандырылған.

Ботагөз Айтжанова