Қазақстан 2016 жылы бейбітсүйгіштік рейтінгінде 163 елдің ішінде 75-ші орынға ие болды
Халықаралық экономика және келісім институты жыл сайынғы оныншы « ынтымақтастық рейтінгін» 163 елдің ішінде анықтады, Қазақстан бұл көрсеткіште 75-ші орынға ие болды, ол өткен жылмен салыстырғанда 12 көрсеткішке көтерілді. 2015 жылы Қазақстан аталмыш салада 87-ші орын алған болатын.
Халықаралық экономика және келісім институты 23 факторды назарға алды. Бұл – ішкі қарулы даулардың саны, сыртқы дауға қатысу, ЖІӨ қатынасындағы қарулы шығын, қылмыс деңгейі, сотталғандар саны, көршілес елдермен қарым-қатынас және өзге факторлар. Рейтінгі құрастырушылардың бағасы бойынша 81 ел соңғы жылдары ынтымақтастыққа бейімделді. Ал 79 елде жағдай керсінше ушыққан.
Әлемдегіең ынтымақташыл ел болып Исландия таңдалды. Оның соңынан Дания, Австрия, Жаңа Зеландия мен Португалия аталды. Осы жылы өткен жылғыдай Сирия тізімді аяқтайды.
2016 жылдың индексінде Ресей 151-ші орын, Украина - 156, Әзербайжан - 134, Қырғызстан - 124, Тәжікстан - 122, Армения - 110, Өзбекстан - 109, Түркіменстан және Беларусь - 106, Грузия - 85.
Посткеңестік рейтінгте Қазақстаннан кейін Латвия, Эстония, Литва және Молдавия тұр.
Жаһандық бейбітсүйгіштік рейтінгі (Global Peace Index) – кешендік көрсеткіш, ол әлем елдерінің бейбітсүйгіштігін көрсетеді, мемлекет ішіндегі зорлық деңгейі мен сыртқы саясаттағы жағдайын қарастырады. Адамның өмір сүруіне қандай мемлекет қолайлы екенін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты әлемдегі тұрақтылықтың даму деңгейін анықтайды. Рейтингті құрастырушылар адамзатқа болашақтағы сынақпен күресуге көмектеседі. Бірінші зерттеу 2007 жылдың мамырында өткізілді.
Индира Кауметова