Қ.Бишімбаев: БЖК аясында 2016 жылдың 5 айында 64,8 млрд теңгенің 640 жобасы субсидияланды
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында осы жылдың 5 айында 64,8 млрд теңгенің 640 жобасы және 272 кепілдемесі берілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтің селекторлық режиміндегі отырысында мәлімдеді.
«Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» аясында ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруды өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асыру үшін Үкімет пен Ұлттық банк арасында 200 млрд теңге бөлінді. Аталмыш шараларды бөлу үшін 2016 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша 260 млрд теңгенің 1353 жобасы қаржыландырылды», - деді Қ.Бишімбаев.
Министр атап өткендей, ол 740 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беріп, 15700 жұмыс орнын құруға және бюджетке түскен түсімді 66,8 млрд теңгеге жеткізді.
Жобаларды қаржыландыру астық саласында – 521 жоба 113,6 млрд теңгеге, металл емес минералды өнімді – 239 жобаны 45,2 млрд теңгеге, металлургия мен машина жасау саласында 46,5 млрд теңгенің 190 жобасы жүзеге асырылды.
« «БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында 5 ай ішінде 64,8 млрд теңгенің 640 жобасы және 272 кепілдемесі берілді. Ағымдағы күрделі жағдайда бұл іс шағын және орта бизнеске ынталандыру болды»,. – деді ол.
Ботагөз Айтжанова