Н.Раззақ: 2016-шы жылдың 5 айында бірді-бір жасөспірім бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген жоқ
2016-шы жылдың 5 айында Астанада бірді-бір жасөспірім бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген жоқ, деп хабарлады кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Нәзилә Раззақ ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.
«Қылмыстық іске қатысты айтатын болсам, түскен жалпы қылмыстық істің 38 тұлғаға қатысты 18-і аяқталды. Бұл 2015-ші жылман салыстырғанда 12 іске кем. Бұл медиаторлық келісімдер мен көптеген жағдайлардың қуғындаусыз бейбіт түрде шешілгенімен байланысты. Бұл аталмыш тәжірибені дұрыс деп есептеймін. Өйткені жасөспірімдердің түзелуіне мүмкіндік берген өте дұрыс болады»,-деді Н.Раззақ.
Оның айтуынша, жалпы санның төмендегені байқалғанмен жекенің мүлкін тонай мен ұрлау қылмысы бойынша сотталғандардың саны жоғары деңгейде қалып отыр.
«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алу бойынша міндетін өзіне алатын арнайы қызметтердің болмауы меншікке қарсы қылмыстардың артуына негізгі себеп ретінде қаралуда. Бүгінгі таңда ювеналды сот технологиясын қолдану әлі де даму үстінде. Біз жастарға мүмкіндік беру жағын медиаторлық және шара қолдану процедураларында жалғастыра беретін боламыз. Атап өткен жөн болар, 2016-шы жылдың 5 айында бірді-бір кәмелеттік жасқа толмаған азамат бас бостандығынан айыру жазасына кесілген жоқ. Тек екі іс бойынша шартты түрде сотталғандар болды. Қалғандарын тараптарды татуластыру жолымен шешіп отырдық»,-деп ақпарат берді Н.Раззақ.
Ботагөз Айтжанова