Арменияның дәрі-дәрмектері Қазақстанның нарығына алдын ала тіркеуден өтпей кіре алады
ҚР Сенат Парламентінің әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті кеңейтілген отырыс барысында Арменияның ЕАЭО-ның дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай талаптары туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасын қарастырды. Аталмыш заң жобасын қабылдау барысында Армения Республикасының дәрі-дәрмектері Қазақстан нарығына алдын ала тіркеусіз кіре алады.
Естерінізге сала кетейік, 2014 жылдың 23 желтоқсанында ЕЭК отырысында ЕАЭО аясында медициналық құрылғылар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникаларды дұрыс қолдану ережерелі мен бірыңғай қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. Одаққа Арменя қосылғаннан кейін келісімге қайта қол қою керек.
«ҚР Сенат Парламентінде Арменияның ЕАЭО-ның дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай талаптары туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасын қарастырылды. Келісім-шарт Еуразиялық экономикалық одақ аумағында есірткі айналымына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді, көбінесе дәрі-дәрмектердің бірыңғай тіркеулері»,-деді ҚР ДСӘДМ вице-министрі Елжан Біртанов.
Е.Біртанов өз сөзінде, тізімдерде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін жалпы талаптар қамтылғандығын, фармакопея талаптары, инспекторатқа деген талаптар, сонымен қатар клиникалық зерттеулер нәтижелерін жалпы қабылдауы бар екендігін айтып өтті.
«Біздің ойымызша, ЕАЭО азаматтары үшін мүмкіндікті ашады және сапалы, қолжетімді құралды алады»,-деді вице-министр.
Заң жобасы палатаға қарастырылу үшін жіберілді.