Е.Сағнаев: Заңнамаға жасалған түзетулер елде мүлікті заңдастыру үшін жаңа серпін берді

09.06.2016 2062

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» жаңға түзетулер елде мүлікті заңдастыру үшін жаңа серпін берді, деп ҚР Қаржы министрлігінің тәуекелдерді басқару, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағнаев Астанада өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Қараша айында заңдастыру бойынша заңнамаға тиісті өзгертулер енгіздік, олар өткізілетін акцияның жүрісін қысқартады, заңдастыру субъектілеріне қосымша кепілдіктерді береді»,-деді Е.Сағнаев.

Жаңа заңнаманың іске қосылу кезінен бастап акция уақыты кезінде барлық сомадан 74 пайыз заңдастырылды.

 «2015 жылдың 30 қараша жағдайы бойынша, яғни ескі заңның шарттары жұмыс істеген кездері заңдастыру сомасы 425 млрд теңгені құрады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, алшақтық бүгінгі күні керемет, айырмашылық 1,2 трлн теңгені құрады. Яғни, біз жыраты жыл ішінде 74 пайызды заңдастырдық»,-деді ол.

Осыған орай, комитет өкілі, заңға жасалған түзетулер оң әсер бергендігін және өткізілетін акцияға жаңа серпін беретіндігін айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова