Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ Аддис-Абебеде африкалық дипломаттар үшін семинар өткізді
Эфиопиядағы ҚР-ң елшілігі БҰҰДБ-ымен бірге және Аймақтық хабпен «Тұрақты Даму Мақсаты мәтінінде екіжақты және жан-жақты дипломатияны нығайту» тақырыбында мемлекетттік қызмет саласы бойынша семинар ұйымдастырды.
Іс-шара африкалық мемлекеттердің 45 елінің сыртқы істер министрлеріне техникалық қолдау көрсетуді қарастырған «Африка мен Қазақстан елдері арасындағы ТДМ бойынша серіктестік» жобасы аясында өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Семинардың негізгі мақсаты ТДМ қолдау ісінде африкалық дипломатиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты жақсарту және олардың имплемантациялық жолмен ұлттық заңнамалық актілерін, стратегиялық даму жоспарларын инкорпорациялау.
Семинар жұмысына Мемлекеттік қызмет саласы бойынша Аймақтық хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, ҚР Президенті жанындағыМемлекеттік қызмет академиясы, БҰҰ даму бағдарламасы, Африкалық Одақ, Африка елдерінің 45 сыртқы істер министрлігі және жан-жақтылы ынтымақтастық департаментінің бейінді директорлары қатысты.
Семинар қортындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның Африка елдері сыртқы саясат ведомстволарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырудың мағыздылығы туралы көтерген бастамасын жоғары бағалады.