2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында СҚО-да 390 мыңнан астам мемқызмет көрсетілген - әкімдік

07.06.2016 2171

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен аппартық жиналыс болды. Әкімдіктен хабарлағандай, күн тәртібіне мемлекеттік қызмет мәселелері, Айыртау ауданының аумағын абаттандыру, сонымен қатар, ауыл шаруашылық кооперативтерінің жұмысы қойылған.

Бірінші мәселе бойынша облыс әкімідігі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет ақпараттандырды.

«2016-шы жылдың 1-ші тоқөсанында 390 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2015-ші жылдық осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артық. 4,5 мыңнан астам электронды қызмет көрсетілді»,-деп атап өтті М.Қожахмет.

Айыртау ауданы аумағын абаттандыру бойынша өңір әкімі Ағзам Тастеміров баяндады. Ол 2 975 тал егіліп, саябақ аумағына тазарту және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілгені айтты.

Ауданда төрт бағыт бойынша жол жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Қазір Саумалкөл, Арықбалық пен Сырымбет ауылдарының ішкі жолдары жөнделуде. Аудан орталығында 17 көшеде жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Ауыл шаруашылық басқармасынгың бастығы Қайрат Омаров ауыл шаруашщылығында атқарылып жатқан жұмыстардан ақпараттандырды.

Ол өсімдік шаруашылығы бойынша 13 ӘКК құрылғанын, мал шаруашылығында облыс бойынша 123 ӘКК халық шаруашылығы тіркелгенін атап өтті.

Аппараттық жиналыстың қортындысы бойынша аймақ әкімі тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.