Мемлекет басшысы бірқатар өкімдерге қол қойды
02.06.2016
2752
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар өкімдерге қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен;
Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.