ҚР бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34-ші орыннан 47-ші орынға жылжуы елдің дамуында ешқандай да әсер еткен жоқ - сарапшы
ҚР бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34-ші орыннан 47-ші орынға жылжуы елдің дамуында ешқандай да әсер еткен жоқ. Мұндай сапшылық пікірді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптама институтының директоры Марат Бәшімов Strategy2050.kz ақпарат агенттіген берген сұхбатында айтты.
Басқарушылық даму халықаралық институтының есебі бойынша Қазақстан IMD экономикалық бәскеге қабілеттілік рейтингінде 34-ші орыннан 47-ші орынға төмендеп жылжуы, яғни 14 позиция төмендегені көрсетіліпті. Тізімнің жаңа нұсқасында Ганконг бірінші орында, Швейцария екінші орында тұр. Үш жыл қатарынан көш бастаған АҚШ қазір үшінші орынға тұрақтаған. Ондықтың ішіне Сингапур, Швеция, Дания, Ирландия, Нидерланд, Норвегия және Канада кіріп отыр. Ресейдің позициясы жақсарып, 45-ші орыннан 44-ші орынға жайғасыпты. Тізімнің ең соңғы орынында былтырдан бері Венесуэла келеді.
Еуропалық құқық және адам құқығы сараптама институтының директоры Марат Бәшімовтің пікірінше, 14 позицияны жоғалту ештеңіні өзгертпейді, Қазақстан жетекші позицияларда болып келді және алдағы уақытта да бола береді. Аталмыш көрсеткіш бар болғаны экономикалық дағдарыстың салқыны немесе ішкі өндіріс саласындағы білгілі процестерге байланысты.
«Аталмыш рейтингке әлемнің 140 елі қатыстырылады. Өткен жылы Қазақстан 34-ші орынды иеленген болатын. 14 позицияны жоғалту – бұл катострофа емес, қазір әлем бойынша экономикалық дағдарыс жүріп жатқан уақыт. Экономикалық қайта құру барлық елде бақылануда. Қазақстан 14 ипозиция жоғалтты, бірақ, мұны құлдырау деп түсінбеу керек. Қазақстан әлі де инвесторлар үшін ашық. Еліміз шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Өткен жылдағыдан биыл аса ештеңе өзгере қойған жоқ»,-деп атап өтті сарапшы.