К.Харстедт: Аймақаралық және мәдениетаралық диалог әлемдегі шиеленістерді шешіп тастау құралы бола алады

31.05.2016 2000

Аймақаралық және мәдениетаралық диалог әлемдегі шиеленістерді шешіп тастау құралы бола алады, деп есептейді Швеция Корольдігі Риксдагының депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті Кент Харстедт. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан «Діндер лаңкестікке қарсы» Халықаралық конференциясында мәлімдеді.

«Терроризм француз тілінен аударғанда адамдарды қорқыту дегенді білдіреді. Бұл сөздің төркіні де сол. Лаңкесті қаупі трансұлттық болып табылады және оған біздің жауабымыз сәйкесінше жан-жақтылы болуы шарт. Бізге бейбіт пікір алмасуды дереу көтеру керек. Неғұрлым біздің әңгімелесушілеріміз көп болса, соғұрлым бұл процесс тұрақтана түседі. Өйткені біз лаңкестікке қарсы профилактикалық жағдайларды айтатын боламыз. Біз бұл тұрғыда әділ әрі шынайы, ашық айтуымыз керек. Менің елімнен, Швециядан 100-ден астам азамат ИГИЛ жағынан соғысу үшін Сирияға кетіп қалды. Ешқандай ел бұл орайда мықты иммунитет иеленіп отырған жоқ. Бұл жерде ең бірінші қосымша жастар арасында зерттеу жұмыстарын түбегейлі түрде жүргізу қажет»,-деді К.Харстедт.

Швеция Риксдагының депутаты дереу лаңкестіктің бірінші себептерімен күресу керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, лаңкестік пен күштеу экстремизмі оларға рұқсат бермеген сайын қанағаттанбау мүддесінен туындап отырады.

«Террористер мен экстремистер түрлі жағдайларды пайдаланады. Мысалы, олар экономикалық проблеманы, жеке адамға құрмет көрсетпеу, демократияның жетіспеушілігін, адам құқығының бұзылуын және осының барлығы қоғам радикализациясының бір бөлшегі болып табылады. Сондықтан, осындай алғышарттарды болдырмаумен күресуіміз керек»,-деді ол.

Анара Таныркулова