Т.Сүлейменов: ЕАЭО-ның барлық еңбеккерлері тең әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқылы
ЕАЭО-ң барлық еңбеккерлері тең әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқылы, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов «Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі әлеуметтік сақтандыру. Тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты Халықаралық конференция барысында.
Т.Сүлейменов мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету ЕАЭО елдерінің интеграциялық ынтымақтастығының маңызды бағыты. Одақ туралы келісімге сәйкес, ЕАЭО-ң барлық еңбеккерлері тең әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқылы, деп атап өтті.
«Баламен отырғанына байланысты уақытша жұмыссыз жүрген жағдайда, өндірісте болған оқыс жағдайда міндетті сақтандыру қызметі көрсетіледі. Сонымен қатар, кәсібіне қатысты ауырып қалған жағдайда міндетті медициналық сақтандыру қарастырылған. Бұл әрине әжептәуір қаржы шығындайды және біздің елдердің достық қарым-қатынасының дұрыс екенін көрсетеді»,-деді ЕЭК Министрі.
Т.Сүлейменовтың айтуынша, әлеуметтік қорғау жүйесінің ЕАЭО халқына тиімділігі зор. Бұл мүше мемлекеттердің еңбек ресурсын кеңейтеді және нығайтады, қорытындысында экономикалық өсімді арттырады және Одақ азаматтарының тұрмыс деңгейін көтереді.