СҚО-да «Батыр» маркалы 120 трактор шығарылады
Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт құрылысымен танысты. Бұл Солтүстiк Қазақстан облысы мен «Петербуг машинажасау зауытының» бiрлескен жоба. Ағымдағы жылдың жазында «Батыр» маркалы «К-704» тракторларын шығаруды жоспарлап отыр. Әзiрге ғимарат жөнделiп, жабдықтар әкелiнiп жатыр, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Үстiмiздегi жылы бұнда 50 жұмыс орны ашылады. Зауыт жылына 120 трактор шығаруды жоспарлаған. Трактордың 35 пайыз құрамы осы жерде жасалмақ.
«Қазiр инвестициялық салымдар шамамен 300 млн. теңгенi құрап отыр, алайда бiз 1 млрд. 200 млн. теңге салуды жоспарлап отырмыз. Олардың 30-40 пайызы жеке меншiк қаражат есебiнен, қалғаны несиеге алынатын болады. Бүгiнгi таңда барлық коммуникациялары тартылып, жылу және электр энергиясы қосылды», — «СП Петропавл трактор зауытының» директоры Сергей Шинкоренко.
Өңiрде шығарылатын тракторлар құны 30 млн. теңге тұратын болады. Шетелдiк техника үш есе қымбат. Өңiр басшысы ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алуға көмекқаржы беру мәселесiн қарастыру керектiгiн айтты. Бұл тапсырыстың көбеюiне көмегiн тигiзедi.
«Қазiр бiз Қазақстанда шығарылған ауыл шаруашылығы техникасының шетелдiк техникадан қаражаттандырылуы басым болуыкеректiгiн айтып, ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiссөздер жүргiзiп жатырмыз», — дедi Ерiк Хамзаұлы.
СҚО-да ашылатын тағы бiр кәсiпорын — жыл бойы шампиньондарды шығаратын өндiрiс. Қазiр құрылыс алаңында металл конструкциясын монтаждау жұмыстары жүргiлiп жатыр. «Грибной мир» ЖШС директоры Баян Медетбаеваның айтуынша бұнда жылына бұнда екi мың тоннаға дейiн саңырауқұлақты өсiрiлетiн болады.
Өндiрiс процесi үшiн қондырғылар Голландиядан әкелiнедi. Өнiмнiң жыл соңына дейiн шығаруды жоспарлап отыр. Инновациялық жобаның құны 1 миллиардан асады.