Ақтөбе облысында 2016 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 19 млрд. теңгеден астам қаржы игеріледі

11.05.2016 2072

2016-шы жылы Ақтөбе облысында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 580 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Соның есебінен 5 мың отбасының пәтер мәселесі шешіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2016-шы жылдың басынан бері аймақта 108,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-ы арқылы 566 пәтерлі тұр,ғын үйдің құрылысы басталады. 2017-ші жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында жалпы аумағы 28 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор қаржысы есебінен тұрғын үй салу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсатта Ақтөбе облысына 4,5 млрд. теңге «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабынан 6 тұрғын үй жобасының құрылысын бастауға бағытталып отыр. 1 350 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын келесі жылы аяқтап тапсыру жоспарлануда.

Тағы 7,6 млрд. теңге Ұлттық қордан аймақта 50 мың шаршы метр болатын несиелік және жалдық бағыттағы тұрғын үй құрылысын жүргізуге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, 4,9 млрд. теңге 16 аудандағы инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылым жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.