Қазақстан темір жолының жыл басынан бергі табысы 32,6 млрд теңге құрады

04.05.2016 2723

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ төрт айдағы таза табысы 32,6 млрд теңге құрады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Қазақстан аумағы арқылы ҚХР- Еуропа- ҚХР транзиттік тасымал бағдары 2016 жылғы қаңтар- сәуір айларында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 205% артты. Бұл компанияны швейцарлық франкы валюталық бағамындағы қаржылық жоғары нәтижеге жеткізді.

Компанияның төрт айдағы таза табысы 32,6 млрд. теңге құрады.

10 жылдық еурооблигацияны жабу мақсатында, 2006 жылы  алынған 350 млн. АҚШ доллары сомасындағы KazakhstanTemirZholyFinanceB.V. эмитентіндегі еурооблигацияны ұстап отырған мекемеге барлық қаржылық ақыны толық төледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаржылық міндеттемесін дер кезінде және толығымен өтеуі оның қарыз алушының бизнес стратегиясындағы халықаралық рейтингілік агенттіктері бекіткен: Moody’s– Baa3; Fitch– BBB; S&P– BBмәртебесінің тұрақты екендігін дәйектеді.