Кентауда моноқалаларды дамыту аясында 3 жаңа шағын аудан құрылады

20.04.2016 3358

Кентауда моноқалаларды дамыту аясында 3 жаңа шағын аудан құрылады. Бұл туралы бүгін «Аймақтық» коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

Оның айтуынша,  қалада «Моноқалаларды дамытудың 2020 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында бүгінде «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» шағын аудандарының инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілуде.

 ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 2016 жылы Кентау қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы баяндаған қала әкімі жалпы өнім көлемі 3 ай қорытындысымен 5 млрд.167,4 млн. теңгеге жетіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 134 пайызды құраған. Ал осы уақыт аралығында негізгі капиталға 765,3 млн. теңге инвестиция тартылып, 2015 жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 173,1% құрады. 2016 жылдың 1 тоқсанына өнеркәсіп өнімінің көлемі 3939,3 млн. теңге жетсе, ауыл шаруашылығы өнiмінің жалпы көлемi 274,8 млн. теңге болған.

«Қалада жалпы құны 4 млрд. 50 млн. теңге болатын «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры «Қызыл әскер» 1230 шақырымынан Қарнақ ауылы №14 АГРС-ге дейін тартылатын магистралдық газ құбырының ЖСҚ-сы дайындалды. 2015  жылы аталған құрылыс нысанына жалпы 1 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 100 млн теңге, облыстық бюджет есебінен 900 млн. теңге қаралған.  Бүгінгі күнге бөлінген қаржылар атқарылған жұмыстарына сәйкес   толық  игерілген», – деді қала  басшысы.

Айта кетейік, қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан  іс-шаралардың орындалуы мен басымды көрсеткіштері жақсы жағынан өзгеруде. Өткен жылмен салыстырғанда онкологиялық аурулардан өлім-жітім 30,2 пайызға, қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім 12,3 пайызға төмендеген.