2015-ші жылы халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдауға 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген - ҚСЗИ

19.04.2016 2823

2015-ші жылы халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарын қорғау мен қолдауға республикалық бюджеттен 2 849,1 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы елімзід әлеуметтік жаңғырту – халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарына жаңа мүмкіндік туралы айтқанында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері Омар Тайғанов жеткізді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы әлеуметтік өрлеудің басым бағыттары мен халықтың барлық тобын қорғауды қамтиды. Негізгі басымдық бағдарламаның тұтастық пен тиімділік көрсеткішіндей, халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарына беріледі»,-деді О.Тайғанов.

Оның атап өтуінше, Қазақстан – қаржысының басым көпшілігін халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарына жұмсайтын  әлеуметтік мемлекет.

«2013-ші жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға жұмсалған шығын 2 418, 8 млрд. теңге, 2014-ші жылы 2 612,8 млрд., 2015-ші жылы 2 849,1 млрд. теңгені құрап отыр. Осы қаржының басым бөлігі республикадағы халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау мен қорғауға жұмсалды. Яғни, зейнетақы мен балаларға төленетін жәрдемақы, мүгедектерге көрсетілетін арнайы қызметке, қарттар мен нақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға жұмсалды»,-деді сарапшы.